«Прага» торты 🎂 Керекті заттар: 📝 Бисквит үшін: 🔷 6 дана жұмыртқа 🔷 150 г қант 🔷 115 г ұн 🔷 25 г какао 🔷 40 г сары май Кремі үшін: 🔷 1 дана жұмыртқа 🔷 20 г су 🔷 120 г қоюлатылған сүт 🔷 200 г май 🔷 Ванилин 🔷 10 г какао Глазурі үшін: 🔷 60 г шоколад 🔷 60 г сары май Дайындалуы: 📜 Жұмыртқаның сарыуызын қанттың жартысымен миксермен араластырамыз. Ақуызды жеке миксермен араластырамыз. Ақуызға қалған қантты қосып, миксермен араластырамыз. Енді ақуыз бен сарыуызды бірге миксермен араластырамыз. Оған ұн, какао сеуіп, жақсылап араластырамыз. Еріген , суыған сары майды құйып, араластырамыз. Қалыпқа май жағып, ұн себеміз. Дайын қоспаны қалыпқа құямыз. 200 градуста 30 минут пісіреміз. 🍱 Бисквит піскен соң 8 сағат бөлме температурасында қалдырамыз. Енді кремді дайындаймыз: Жұмыртқа мен суды араластырамыз. Сосын оған қоюлатылған сүтті қосамыз. Шыққан қоспаны баяу отқа қоямыз. Қайнатамыз. Суытамыз. Майды ванилинмен жақсылап миксермен араластырамыз. Оған суыған қоспаны қосамыз. Какао қосып араластырамыз. Бисквитті 3 коржға бөлеміз. Әрбір коржды бір-біріне креммен жабыстырамыз. Шоколад пен сары майды су банясында яғни буда ерітеміз. Торттың үстінен құямыз. АС ДӘМДІ БОЛСЫН! 🎂 ✅😉👌 🍰

Теги других блогов: торт рецепт Прага